Шымкент жаңа зауыт іске қосылды

Фотография - Шымкент жаңа зауыт іске қосылды

51 0

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем және кілем бұйымдарын шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС-і өз жұмысын бастады. Жоба ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылып отыр.

Бұл осы аймақтағы алғашқы фабрика. Жобаның жалпы құны 8,450 млрд. теңге, нәтижесінде 610 жұмыс орынын ашу жоспарланған. Зауыттың жалпы қуаттылығы – жылына 10 млн. м2 кілем өнімдері. Жоспарға сәйкес жобада 4 кезеңнен тұратын 26 желі іске қосылуы тиіс.

Бүгін сол жоспар бойынша жобаның алғашқы кезеңінің 6 желісі іске қосылды. Бұл кезеңдегі жоба құны 1,7 млрд. теңге болмақ. Қуаттылығы - жылына 2,3 млн.м2 кілем шығаруға қауқарлы. Дәл қазір кәсіпорында 100 жаңа жұмыс орны ашылды.

Фабриканың екінші кезеңінде, яғни, 2014 жылдың 2 жартыжылдығында құны 750,0 млн. теңгені құрайтын жіп иіру фабрикасы іске қосылып, 150 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл жалпы 26 желіні шикізатпен (тоқыма жіппен) толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үшінші кезең 2015 жылға жоспарланып отыр. Жалпы құны 3,0 млрд. теңгені құрайтын 10 желіні іске қосу көзделуде. Бұл кезеңде жаңадан 180 жұмыс орны ашылады.

2016 жылы фабриканың төртінші кезеңін іске қосу жоспарланған. Мұнда құны 3,0 млрд. теңге құрайтын, жаңа 180 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін тағы 10 желіні іске қосу жоспарлануда.

Өндірісте Қазақстанда бұрын-соңды қолданылмаған шетелдік заманауи жабдықтар қолданылады.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!