Нан бағасы қымбаттамайды

Фотография - Нан бағасы қымбаттамайды

45 0

Долларға қатысты теңге бағамының түзетілуіне байланысты нан бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Нан бағасы туралы айтар болсақ, үкіметтің де, мемлекеттік компаниялардың да қазіргі бағаны ұстап тұруға барлық мүмкіндіктері бар. Яғни бірінші сұрыпты нан бағасының өсуі туралы әңгіме мүлде болмайды. Бұл үшін алдын ала жасалған механизмдер мен мүмкіндіктер бар. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қорында 1,5 млн тонна астық бар, егер қажет болған жағдайда, үкімет бұл астықты бағаны ұстап тұру үшін бөлетін болады. Қазір нарық бағасы бір қалыпты және бағаны көтерудің ешбір негізі жоқ», - деді А. Мамытбеков.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!