Үкіметке берген менің тапсырмаларымның 30%-ы ғана орындалған - Н.Назарбаев

Фотография - Үкіметке берген менің тапсырмаларымның 30%-ы ғана орындалған - Н.Назарбаев

23 0

Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жұмысын сынға алып, берген тапсырмаларыныңт 30 пайызының ғана орындалғанын алға тартты

«Жалпы алғанда, Үкімет пен облыстардың атқарған оң жұмысын бағалай отырып, біз алдағы уақыттағы міндеттерге көңіл бөлуіміз керек. Биылғы жыл оңайға соқпайды», - деді Президент.

«Өткен жылдың қазан айында мен осы жерде тоғыз айдың қорытындысы бойынша кеңес өткізіп, Үкіметке 33 тапсырма берген едім. Оларды орындау мерзімі аяқталды. Бүгінде олардың 11-і ғана орындалды, яғни отыз пайызы. Өзге тапсырмалар сапасыз сарапталған, барлығы орындалу сатысында. Мәселен, маңызды мәселелердің бірі – көлеңкелі экономикаға қатысты мәселе. Осы бағытта ештеңе жасалмаған», - деп Үкімет жұмысын сынға алды Мемлекет басшысы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!