Елбасы Иран Президентімен кездесті

Фотография - Елбасы Иран Президентімен кездесті

330 0

Қазақстан Президенті АӨСШК IV Саммиті аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Иранмен әрдайым өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықты дамыту қағидатын ұстанып келгенін атап өтті.

Өз кезегінде Х.Рухани Қазақстан Иран үшін жақын көрші әрі маңызды ел екеніне тоқталды және Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолы екіжақты сауда қарым-қатынасының дамуына оң әсерін тигізеді деп үміттенетінін атап көрсетті.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?