375

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Фотография - Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 09 минут 50 секундта (Гринвич уақыты бойынша 06 сағат 09 минут 50 секундта) жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 467 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер асты дүмпуінің энергетикалық күші - 9.9. Магнитудасы MPV 4.1. Тереңдігі - 30 шақырым.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

Загрузка...