653

Шымкент пен Тараз арасында жерасты жолы салынады

Фотография - Шымкент пен Тараз арасында жерасты жолы салынады

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің Шымкент пен Тараз аралығындағы учаскесінде жерасты жолы салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев мәлім етті.

«Шымкент пен Тараз аралығындағы шекарада жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде біз Қазақстандағы ең бірінші тоннель салуды жоспарлап отырмыз. Жұмысты Иран компаниясы жүргізуде. Жамбыл облысында Қордай елді мекенін айналып өтетін жол учаскесі аяқталуға жақын. Оны биыл бітіреміз», - деді вице-министр.

Айта кетейік, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің Қазақстан аумағындағы жалпы ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Жобаны 2015 жылы толығымен аяқтау жоспарланған. Биыл жолдың 157 шақырымы пайдалануға берілмек. Жалпы қазіргі уақытта 1345 шақырым жолда құрылыс жүргізілуде. Оған 35 мың адам мен 4 мың құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Загрузка...