506

Алматыда екі жер сілкінісі тіркелді

Фотография - Алматыда екі жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша таңғы қарай 04 сағат 38 минут 51 секундта (ал Гринвич уақыты бойынша 2014 жылдың 13 тамызы түні 22 сағат 38 минут 51 секундта) жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 10.00. Магнитудасығ сейсмикалық толқындардың өлшемі - MPV - 4.3. Тереңдігі - 20 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ Алматыда 14 тамызға қараған түні жергілікті уақыт бойынша 03 сағат 15 минут 38 секундта (ал Гринвич уақыты бойынша 2014 жылдың 13 тамызы түні 21 сағат 15 минут 38 секундта) жер сілкінісі тіркелді. Жер cілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 534 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 10.00. Магнитудасы, яғни сейсмикалық толқындардың өлшемі - MPV - 4.5.  Тереңдігі - 0 шақырым, яғни тереңдік өлшемі тіркелмеді.

Загрузка...