Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Фотография - Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша таңғы 07 сағат 03 минут 57 секундта (ал Гринвич уақыты бойынша 2014 жылдың 29 тамызы түні 01 сағат 03 минут 57 секундта) жер сілкінісі тіркелді

245 0

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша таңғы 07 сағат 03 минут 57 секундта (ал Гринвич уақыты бойынша 2014 жылдың 29 тамызы түні 01 сағат 03 минут 57 секундта) жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Жер асты дүмпуінің кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 622 шақырым жерде, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық класы - 11.5.

Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы MPV - 5.3.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?