479

Сенат сайлауына 53 кандидат тіркелді - ОСК

Ағымдағы жылдың 1 қазанында өтетін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты кандидаттарды тіркеу кеше 11 қыркүйекте аяқталды.
Фотография - Сенат сайлауына 53 кандидат тіркелді - ОСК

Ағымдағы жылдың 1 қазанында өтетін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға қатысты кандидаттарды тіркеу кеше 11 қыркүйекте  аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, Сенат депутатының 16 мандатына ұсынылған 88 үміткердің 53-і тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті.

Оның айтуынша, Сенат депутаттығына еліміздің бес өңірінен 4 кандидаттан тіркелсе, қалған 11 өңірде 3 үміткерден тіркелді.

«Ұсынылған кандидаттардың 18-і сайлау додасынан шығып қалды. Сонымен қатар, заңнамада белгіленген мерзім ішінде қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты 17 үміткерді тіркеуден бас тартылды. Тіркелген кандидаттың екеуі - әйел адам. Ал үміткерлердің орташа жасы - 53», - дейді Л. Сүлеймен.

Загрузка...