Жұма күні Қазақстанда боран соғады, қар жауып көктайғақ болады деп күтілуде

Фотография - Жұма күні Қазақстанда боран соғады, қар жауып көктайғақ болады деп күтілуде

26 желтоқсан күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, республиканың солтүстік-батысында түнде кей жерлерде күшті жауын-шашын болып, соңы қарға айналады, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын көтеріледі

406 0

26 желтоқсан күні Қазақстанның барлық аумағында дерлік атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, республиканың солтүстік-батысында түнде кей жерлерде күшті жауын-шашын болып, соңы қарға айналады, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

 

Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында желдің ұйтқуы 18-23 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с-қа, Ақмола облысында ұйытқуы 25 м/с-қа дейін күшейеді.

 

Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 17-22 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады, көктайғақ болады.

 

Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түседі, көктайғақ болады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

 

Павлодар облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, көктайғақ болады.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?