2015 жыл еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өмірі үшін де ерекше жыл болғалы тұр - Қ.Тоқаев

Фотография - 2015 жыл еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өмірі үшін де ерекше жыл болғалы тұр - Қ.Тоқаев

2015 жыл еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өмірі үшін де ерекше болғалы тұр. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ағымдағы жылды қорытындылаған палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.

371 0

2015 жыл еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өмірі үшін де ерекше болғалы тұр. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ағымдағы жылды қорытындылаған палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.

«Кеше Елбасы Н.Назарбаев Индустрияландыру күні аясындағы жиын барысында «жаңа өнімді жұмыс орындарын көбірек аша алған мемлекет қана жеңіске жетеді», деп кедергілер мен қиындықтарға толы уақытта табанды еңбек етудің маңызына айрықша назар аударды. Еліміз индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығын ойдағыдай жүзеге асырып, дамудың нұрлы жолына аяқ басты. Түптеп келгенде, ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай еңбек ететін қоғам мемлекетті табысты даму жолына шығаратын бірден бір маңызды фактор екені даусыз», - деді жиынды қорытындылаған Сенат спикері.

Бұдан бөлек, Палата Төрағасы 2015 жыл - еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өмірі үшін де ерекше болатынын атап өтті.

«Барша қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын қарсы алуға дайындалуда. Төл тарихымыздың ұлы құндылықтарын қастерлеу ұлттық мүддеміз бен қазақстандық отансүйгіштікті нығайтудың түпқазығы болатыны анық», - дей отырып спикер Қ.Тоқаев әріптестерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?