390

Елбасы биыл 8 елге сапарлап, 16 елдің басшысын қабылдады

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаспасөз қызметі өкілдерімен брифинг өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мемлекет басшысының биыл 8 рет шетелге ресми сапармен шыққанын және 16 елдің басшысын қабылдағанын мәлімдеді.
Фотография - Елбасы биыл 8 елге сапарлап, 16 елдің басшысын қабылдады

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаспасөз қызметі өкілдерімен брифинг өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мемлекет басшысының биыл 8 рет шетелге ресми сапармен шыққанын және 16 елдің басшысын қабылдағанын мәлімдеді. 

- Биылғы жылы Н. Назарбаев 8 мемлекетке сапар шегіп, өзі 16 мемлекеттің басшыларын қабылдады. Сондай-ақ, 59 мерекені жоғары деңгейде өткізіп, 70 келісімшартқа қол қойылды. Мен өз басым 18 мемлекетке барып қайттым. Өтіп бара жатқан жыл біз үшін өте сәтті болды. Ішкі саясатта "Қазақстан-2050" стратегиясы қабылданса, xалықаралық маңызды құжат ретінде Еуразиялық экономикалық одақты айтуға болады. Еуразиялық Одақ - бұл ортақ нарық, XXI ғасырдағы жаңа одақ. Қазіргі кезде дамушы елдердің бірде-біреуі жабық отыра алмайды. Интеграция бізге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Үштіктен бөлек Қырғызстан мен Армения елдері де қосылатындарын мәлімдеді - деп атап өтті Ерлан Әбілфайызұлы.

Министр сондай-ақ, 2014 жылдың жетістігі деп Қазақстан мен Еуроодақтың өзара келісімшартқа қол қойғандығы деп көрсетті.

- Жылқы жылындағы сырты саясаттағы тағы бір жетістігіміз - Еуропа Одағы мен Қазақстанның жаңа келісімшартқа қол қоюы. Біз осы әріптестік үшін 2011 жылдан бері сегіз рет келіссөз жүргіздік. Бұдан бөлек, Қазақстан президенті күзде Минскіде Ресей, Беларусь Украина және ЕО басшыларымен кездесіп, екі маңызды нәтижеге қол жетізді. Біріншіден, Украинадағы дағдарысқа байланысты Минск протоколы қабылданды. Екіншіден, Қазақстан мемлекеті Ресей, Украина, және ЕО елдерімен өзіне тиімді тауарлы-эконмикалық байланыс жасайтын нәтижеге қол жеткізді. Ешқандай санкция болмайды. Біз бұл жағынан бейтарап саясат ұстанамыз. Қазақстанға Қырғызстан мен Өзбекстан басшылары келді - деді ол. 

Загрузка...