675

Шідерті – Қарағанды тас жолы жабылды

Фотография - Шідерті – Қарағанды тас жолы жабылды

Бүгін Шідерті – Қарағанды тас жолы жабылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМҚК өңірдегі филиалы пайдалану және жол қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Аманолла Қозыбаев.

Оның айтуынша, көлік қозғалысына аталмыш жол бағытының Қарағанды облысына қарасты учаскесінде көктайғақ болуына байланысты шектеу қойылды.

«Қызылорда – Павлодар – Успенка –Ресей Федерациясының шекарасы» жолына тиесілі Қарағанды – Шідерті бағытын жабуға тура келді. Себебі қарағандылық әріптестеріміз ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақтың салдарынан жол қозғалысына шектеу қойды. Әзірге Павлодар облысында ауа райы тұрақты», - дейді бас маман.

 

 

bnews.kz сайтынан

Загрузка...