620

ҚР Конституциялық Кеңесіне логотип беріледі

Фотография - ҚР Конституциялық Кеңесіне логотип беріледі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде өзінің логотипі болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

«Қазіргі кезде ҚР Конституциялық Кеңесінің логотип-эмблемасы әзірленіп жатыр. Жоба негізінен дайын, енді тиісті құжаттарды дайындап, құзырлы органдарға тапсыру қалды. «Қазақстан Конституциясына - 20 жыл» атты мерейтойлық медалінің жобасы да әзірленді», - деп мәлімдеді ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Аманжол Нұрмағамбетов 2015 жылы ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге жоспарланған шаралар туралы айта келіп.

Оның айтуынша, аталған медаль ҚР Президентінің Жарлығы бойынша берілетін болады. Сонымен қатар «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісі де берілетін болады.

 

Загрузка...