Қазақстан мен Қырғызстан 8 мамырда шекарадағы кедендік бақылауды алып тастайды

Фотография - Қазақстан мен Қырғызстан 8 мамырда шекарадағы кедендік бақылауды алып тастайды

344 0

Қазақстан мен Қырғызстан 2015 жылғы 8 мамырда шекарадағы кедендік бақылауды алып тастайды.  Бұл туралы Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚырТАГ хабарлады.

 «26 желтоқсанда Қырғыз Республикасының премьер-министрі Джоомарт Оторбаев Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шарттың рәсімдерін іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын дайындау бойынша министрліктер мен ведомстволар басшыларымен жиын өткізді», - деп хабарлады ведомство.

Мәжіліс барысында Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылу туралы шарт 2015 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енетіні атап өтілді және ол Қырғыз Республикасының негізгі міндеттемелерін көздейді. Қырғызстан 2015 жылғы наурызға дейін Шартты бекіту бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуі тиіс.

Бұдан басқа, келесі жылдың 8 мамырында қырғыз-қазақ шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталады. Соған дейін Қырғызстан «Манас» және Ош әуежайларында,  Торугарт  пен Иркештамда  өткізу пункттерін салуы тиіс. Сондай-ақ санитарлық, фитосанитарлық, ветеринарлық бақылау саласындағы қажетті шаралар мен тиісті карантиндік іс-шараларды жүргізуі қажет.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар Қызғыз Республикасы мемлекеттік органдарының Кеден одағына, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты ақпараттық алмасу бойынша шараларды талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша, премьер-министр Қырғыз Республикасы министрліктері мен ведомстволарына Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы бойынша бірінші кезектегі шараларын іске асырудың күнтізбелік жоспарын жедел түрде пысықтап, нақтылауды тапсырды.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?