Аусылға қатысты енгізілген қазақстандық еттің Ресейге экспортына шектеу алынды

Фотография - Аусылға қатысты енгізілген қазақстандық еттің Ресейге экспортына шектеу алынды

414 0

Аусылдың салдарынан енгізілген қазақстандық еттің Ресейге экспортына шектеу алынып тасталды деп хабарлайды Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі.


Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда КО шеңберінде мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы, Жамбыл, Қызылорда Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарының аумақтарында буферлік аумақ құрылды. Осылайша, осы аймақтардан республиканың басқа облыстарына және Ресейге жануарлардың қозғалысы мен мал шаруашылығы өнімін тасымалдауға осы уақытқа дейін тыйым салынған болатын.


«Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Россельхознадзормен Қытай және Қырғызстанмен шекаралас Жамбыл облысының 4 ауылдық округы мен Алматы облысының 5 ауылдық округтерін қоспағанда бұрын шектеу қойылған аймақтардан Ресей Федерациясы территориясына ет экспортымен ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауын келісті»,-делдінген хабарламада.

2014 жылдың тамызында қазақстандық тараптың мақсатты жүргізілген шаралардың және Россельхознадзормен өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысындағы шектеу алынып, Ресей Федерациясына мал өнімдерін шығару жөнінде рұқсат берілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін ресми түрде алу үшін Халықаралық Эпизоотиялық Бюросына екі өтінім берді.


«Халықаралық сарапшылардың миссиясынан және осы мәселеге байланысты құжаттар жинағы қаралғаннан кейін 2015 жылдың мамырында өтетін ХЭБ-тың кезекті Ассамблеясында Қазақстан Республикасының аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алу мүмкіндігі күтілуде. Бұл ЕО және ДСҰ елдеріне мал өнімдерін экспорттауға және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді»,-деп атап көрсетеді ведомство.


Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша 11908,33 тонна ет және ет өнімдерін экспорттады.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?