И. Тасмағамбетов Татарстан Президентімен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады

Фотография - И. Тасмағамбетов Татарстан Президентімен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады

363 0

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минихановпен кездесті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде екі жақты ынтымақтастықтың кең спектрі мен екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов: «Біз Қазан авиациялық зауытымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Бұған дейін аталған кәсіпорыннан десанттық-көліктік Ми-17В5 тікұшақтарын сатып алған едік. Қазір осы тікұшақтарды техникалық сүйемелдеу қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан авиация саласындағы техникалық әлеуетті дамыту шеңберінде авиатехникаға қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін авиациялық-техникалық орталықтың құрылысын бастады», - деді.

Осы жерде ҚР Қорғаныс министрлігінің Қазақстан әскерін әр түрлі модификациядағы КамАЗ автокөліктерімен жарақтандыруға арналған ұзақ мерзімді жоспары барын атап өткен жөн. Қазақстандық кәсіпорындарда жекелеген тораптар мен агрегаттарды (электронды аппаратуралар, резиналық-техникалық және шанақтық өнімдер, арнайы жабдықтар мен өзге де жиынтықтар) өндірісін игеруді жоспарлап отыр. Бұл өнімдер кейіннен «КамАЗ» ашық акционерлік қоғамының құрастыру зауыттарына жеткізілетін болады.

Кездесу Қазақстан мен Татарстан кәсіпорындарының мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін толық зерделеуге, сондай-ақ ары қарайғы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?