Кейбір соттарда судьялар нормативтен артық жұмыс істеп жатыр - Қайрат Мәми

Фотография - Кейбір соттарда судьялар нормативтен артық жұмыс істеп жатыр - Қайрат Мәми

Соттардағы жұмыстың жүктемесі өте ауыр. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның үздік соттарын марапаттау кезінде Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми мәлім етті.

669 0

Соттардағы жұмыстың жүктемесі өте ауыр. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның үздік соттарын марапаттау кезінде Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми мәлім етті.

«Жекелеген соттардағы жұмыстың жүктемесі өте ауыр. Норматив бойынша айына 24 іс қарау керек болса, кейбір соттарда бір судьяға оның деңгейі 56-60-қа дейін жетіп жатыр», - деді  Қ. Мәми.

Сонымен қатар ол Елбасының тікелей нұсқауымен судьялардың жұмысын жеңілдету үшін  қосымша 450 бірлік судья штаты қосылғанымен, әлі де жүктелемелер өте көп екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Жоғарғы Сотта облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша 2014 жылға арналған республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша аудандық соттар арасында бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық соты, екінші орынды Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты иеленді. Ал Маңғыстау облысының Ақтау қалалық соты мен Ақмола облысының Бұланды аудандық соты үшінші орынды өзара бөлісті.

Облыстық және оған теңестірілген соттардың арасында бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық соты, екінші орынды Жамбыл облыстық соты, үшінші орынды Павлодар облыстық соты иеленді.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?