Еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы

Фотография - Еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы

431 0

«Қазгидромет» РМК болжамынша, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде, шығысы мен орталығында күн ашық болады деп күтілуде. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз оның екпіні 28 м/с-ке жетеді

Шығыс Қазақстан облысындаЖарма ауданында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз және таңертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Павлодар облысында боран болады. Қарағанды және Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 мс/-ке дейін барады. Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады, боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.

 

BNews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?