12 жасқа дейінгі балаларды көлікке отырғызуға тыйым салынады

Фотография - 12 жасқа дейінгі балаларды көлікке отырғызуға тыйым салынады

526 0

1 қаңтардан елімізде жаңа «Жол жүру ережесі» туралы заң жобасы күшіне енеді. Қоғамда үлкен дау тудырған бұл құжат бойынша бұдан былай 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы орындықсыз көлік ішінде алып жүруге тыйым салынған.

Яғни, жаңа заң бойынша, енді көлік салонында қанша бала отырса, сонша автоорындық болуы шарт. Сәбиден бастап он екі жасқа дейінгі жеткіншек көліктің артқы орындығына жайғасса да, арнайы креслода, белбеу тағып отыруға міндетті. Өйтпеген жағдайда 10 мың теңге айыппұл салынады. Полицейлердің сөзінше, балаларды ұстап тұратын орындықтарды пайдалану жолаушы-балалардың арасында жазатайым жағдайларды төмендетеді екен. Өйткені, биылдыққа елімізде мыңдаған бала жол апатының құрбаны болған.

«Балаларды ұстап отыратын орындық көлік ішінде міндетті түрде болуы керек. Бұл қауіпсіздік үшін. Егер баланың салмағы 36 келіден асып, бойы 1метр 35 см-ді құраса - онда ол балаларды арнайы орындыққа отырғызудың қажеті жоқ. Осындай талапқа сай келетін бала қауіпсіздік белдемшесін тақса да болады», - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов.

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?