549

Н. Назарбаев Индонезия Президентіне AirAsia ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға AirAsia авиакомпаниясының Airbus-320-200 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Фотография - Н. Назарбаев Индонезия Президентіне AirAsia ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға AirAsia авиакомпаниясының Airbus-320-200 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта Мемлекет басшысы Индонезия азаматтарының қаза тапқандығы туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атай отырып, бүкіл қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтады.

Загрузка...