Бауырлас елдегі туристік қалада «Қазақстан» көшесі ашылады

Фотография -  Бауырлас елдегі туристік қалада «Қазақстан» көшесі ашылады

2,5 миллион халқы бар Адана – Түркияның оңтүстігіндегі аграрлық шаруашылығы дамыған алып шаһар. Ал оның Қараисалы ауданы күніне мыңнан аса саяхатшы қабылдайтын туристік орталықтардың бірі. Ауданның қақ ортасында тарихта түркі халықтары құрған 16 ірі мемлекет пен оның негізін қалаушы көрнекті тұлғалардың мүсіндері қойылған саябақ бар.

536 0

2,5 миллион халқы бар Адана – Түркияның оңтүстігіндегі аграрлық шаруашылығы дамыған алып шаһар. Ал оның Қараисалы ауданы күніне мыңнан аса саяхатшы қабылдайтын туристік орталықтардың бірі. Ауданның қақ ортасында тарихта түркі халықтары құрған 16 ірі мемлекет пен оның негізін қалаушы көрнекті тұлғалардың мүсіндері қойылған саябақ бар. Міне, осы іші тарихқа тұнған саябаққа әкелетін көшеге Қазақстан атауы берілмек. Ал аудан мэрі Саадеттин Аслан жергілікті мәслихатқа тиісті ұсыныстар жасалғанын жеткізді. Саадеттин Аслан, Қараисалы ауданының мэрі -Көше атауына байланысты ұсынысымызды мәслихат бір ауыздан қолдайтынына кәміл сенімдімін. Өйткені Қазақстанға атқарушы биліктің партиясы мен бірге оппозициялық партиялар да оң қабақ танытады. Әлбетте біз барлығымыз туысқан Қазақстанмен қарым-қатынасымызды нығайтуды көздейміз. Бұл көше арамыздағы мәдени, туристтік және іскерлік байланыстарға мол мүмкіндік ашатын құтты жол болады деп ойлаймын. Түркиядағы танымал актер, қандасымыз Бахадыр Хәкім жағымды жаңалықты ести салысымен жергілікті тұрғындармен жүздесіп, аудан мэріне қазақы дәстүр бойынша шапан жауып, қолына көк байрағымызды ұстатты. Ал жастар ұйымдарының белсенділері сыйға берілген туымызды биікте желбірету үшін Қапықая шатқалына шықты. 7,5 мың метрге созылып жатқан шатқал ауданның ең көрікті мекені. Жастар ұйымының көшбасшысы Мехметтимур Сечти: «Қапықаяның табиғатын тамашалауға биыл жазғы лагерьге қазақстандық жастарды да құшақ жайып қарсы аламыз», - дейді. Мехметтимур Сечти, жастар ұйымының көшбасшысы -Түркі тілдес мемлекеттердің арасында Қазақстанның орны біз үшін айрықша. -Ауданымызда көше атауы арнайы беріліп жатса, сіздерге деген ыстық ықыласымыздың бір бөлшегі деп қабыл алыңыздар. Осы ретте бүкіл Қазақстан халқын Жаңа жыл мейрамымен құттықтап, елге бейбітшілік пен татулық тілеймін. Ыстамбұл мен Мәдина қаласын жалғайтын теміржол Қараисалы ауданын кесіп өтеді. 1912 жылы қолданысқа берілген мына Алман көпірі бір ғасырдан астам қос қаланың қатынасына жан бітіріп тұр. Бауырлас қазақ-түрік байланысы да ғасырларға ұлассын деген оймен екі елдің тулары тарихи көпірдің бойына жайылды.

Источник: http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/lemde/item/8933-bauyrlas-eldegi-turistik-alada-aza-stan-k-shesi-ashylady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?