440

Қазақстанда кез келген азамат автокөлiктi сенiмхатсыз жүргізе алады

Бұл туралы бүгiн ҚР IIМ баспасөз мәслихаты барысында Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң басқарма басшысы Қайсар Сұлтанбаев мәлiмдедi.
Фотография - Қазақстанда кез келген азамат автокөлiктi сенiмхатсыз жүргізе алады

Қазақстанда кез келген азамат автокөлiктi сенiмхатсыз жүргізе алады. Бұл туралы бүгiн ҚР IIМ баспасөз мәслихаты барысында Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң басқарма басшысы Қайсар Сұлтанбаев мәлiмдедi.

«1 қаңтардан бастап ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды түбегейлi жақсарту мәселелерi бойынша заңға енгiзiлген өзгерiстер мен түзетулер күшiне енiп отыр. Осыған байланысты жол жүру заңына да өзгерiстер енгiзiлдi. Бұл заңның 54-бабы 3-бөлімiнен көлiк құралдарын басқаруға қажетті сенiмхат құжаттар тiзiмiнен алынып тасталып отыр. Бұрын бiз қайта-қайта айтып жүрген сенiмхат мәселесі өздерiңiз бiлесiздер, жаңа заңда қарастырылмаған, бұл түсiнiк алынып тасталды. Қазiргi таңда Қазақстанда кез келген азамат автокөлікті сенiмхатсыз басқаруына болады», - деді Қ.Сұлтанбаев.

IIМ өкiлiнiң айтуынша, бүгiнгi күнi жол полициясы қызметкерлерi бұл құжатты талап етiп отырған жоқ. Ең бастысы көлiк құралын сенiмхатсыз басқаратын жүргiзушiнiң аты-жөнi көлiктi сақтандыру полюсiнде жазылуы тиiс. Бұл азаматтарға көлiктi сенiмхатсыз тiзгiндеу мәртебесiн бередi.

«Техпаспорт, көлiк құралын тiркеу куәлiгi, автополюстi қолына алып жүрсе болғаны. Егер де бiздiң қызметкерлер автокөлiктi тоқтатып, тексеремін десе, оған барлық техникалық жағдай жасалған. Автокөлiктi тiркеу куәлiгi бар, мемлекеттiк нөмiр бар. Сол бойынша тексерiп, кiмнiң автөкөлiгi екенiн, заң жүзiнде жүргізіп жүр ме, жоқ па, дереу анықтауға болады», - деп толықтырды өз ойын ол.

 

BNews.kz сайтынан

 

Загрузка...