Қазақстанның 8 облысында электр энергиясы қымбаттады

Фотография - Қазақстанның 8 облысында электр энергиясы қымбаттады

1-ші қаңтардан бастап еліміздің барлық аймағында электр энергиясы қымбаттады. Ең жоғары баға – Алматыда.

383 0

Жаңа жылда- жаңа тариф. 1-ші қаңтардан бастап еліміздің барлық аймағында электр энергиясы қымбаттады. Ең жоғары баға – Алматыда. Қуат көзінің құны мұнда бірден 7,5 пайызға өскен.

Бүгінге дейін алматылықтар кВт-на  – 14 теңге 36 тиын төлесе, енді 16 теңгеге дейін көтерілген. Алматы облысында да осы баға. Қуат көзінің құны бас қала – Астанада да, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында да өзгерді. Әсіресе, Шымкентте коммуналдық қызметтің бағасы өсті. Мұнда жарықпен қатар судың құны да қымбаттап отыр. Ауыз суға бұған дейін 35 теңгедей төлеп келген Шымкент тұрғындары енді судың кубына ай сайын 48 теңге беретін болады. Бағаларды шарықтарып жіберген Табиғи монополияларды реттеу комитетіндегілер «жаңа жылдық тосын сыйын» әдеттегідей электр энергиясы тасымалының қымбатшылығымен түсіндіруде. 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?