747

Баспанасыз адамдар жұмыс орнына тіркеле алатын болады

1 қаңтардан бастап қолданыстағы заңнамаға осындай өзгертулер енгізілді
Фотография - Баспанасыз адамдар жұмыс орнына тіркеле алатын болады

Бұдан былай өз баспанасы жоқ азаматтар жұмыс орнында тіркелсе де болады. 

1 қаңтардан бастап қолданыстағы заңнамаға осындай өзгертулер енгізілді. Ал өз үйінде тұрмайтын азаматты тіркеуге қойған пәтер иелеріне айыппұл салынады. Қазір аттап бассаңыз «тұрғылықты мекенжайға тіркеуге тұрғызып беремін» деген хабарландыру алдыңыздан шығады. Тіпті алысқа барудың қажеті жоқ. Ақысын төлесеңіз үйде жатып-ақ, ғаламтор арқылы да тапсырыс бере аласыз. Хабарлассаңыз болғаны, «шаруаңызды 10 минутта тыңдырып береміз деп уәдені үйіп-төгеді.

Астанада тіркеуге тұрудың 7 мың теңгеден кемі жоқ. Осындай заңсыздықтың жолын кесу үшін бірінші қаңтардан бастап қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Бұрын азаматтар 10 күн ішінде тіркелуге міндетті болса, қазір тиісті пәтер тауып, есепке тұрғанша 3 айға дейін ескерту жасалады. Егер бұл мерзімнен асып кетсе алдымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынбақ. Сондай-ақ пәтерінде тұрмайтын азаматты тіркеуге қойып, заңды белшесінен басып пайдаға кенелмек болғандар да жазадан жалтара алмайды.

Загрузка...