748

Елбасы 9 қаңтарда Берлин қаласында Меркельмен келіссөздер жүргізеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Берлин қаласында Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Фотография - Елбасы 9 қаңтарда Берлин қаласында Меркельмен келіссөздер жүргізеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Берлин қаласында Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

"Былтыр 27 желтоқсанда телефон арқылы сөйлесу барысында жасалған уағдаластыққа сәйкес, Қазақстан Президентінің 9 қаңтарда Берлинде Германия Федералдық канцлері А.Меркельмен бейресми кездесуі жоспарланған",  - делінген хабарламада.

Баспасөз қзметінің хабарлауынша, осы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланады.

Сонымен қатар, неміс тарапының өтініші бойынша Мемлекет басшысының Германия федералдық сыртқы істер министрі Ф.В.Штайнмайермен кездесуі көзделген.

newskaz.kz

 
Загрузка...