548

Еліміздің басым аумағында қар жауып, жел күшейеді

Фотография - Еліміздің басым аумағында қар жауып, жел күшейеді

Қазақстан аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ті құрайды, боран соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады деп күтілуде, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с-ті құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, екпіні 25-28 м/с-ке жетеді, боран соғады.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін барады.

Қостанай облысында бұрқасын болады деп болжануда, тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с-ті құрайды.

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел соғады.

Алматы облысында кей жерлерде желдің күші 17-22 м/с-ті құрайды, түнде тұман түседі деп күтілуде.

 

 

BNews.kz. сайтынан

Загрузка...