Қазақстан мен Украина көмір жеткізу шаралары туралы келісуде

Фотография - Қазақстан мен Украина көмір жеткізу шаралары туралы келісуде

Қазақстан мен Украина қазақстандық көмірді жеткізу шаралары туралы келіссөздер өткізіп жатыр. Бұл туралы Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник мәлім етті.

475 0

Қазақстан мен Украина қазақстандық көмірді жеткізу шаралары туралы келіссөздер өткізіп жатыр. Бұл туралы Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Қазақстаннан Украинаға көмір жеткізу шаралары бойынша консультациялар жүріп жатыр. Бұл Украина үшін өте маңвзды. Қазір тиісті ведомстволар келіссөздер жүргізіп жатыр», - деп түсіндірді Ю. Лазебник Украина елшілігінде өткен брифингте. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан мен Украина арасында авиақұрылысы мен ғарышты зерттеу салаларында да бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланған.

Айта кетейік, 10 қаңтарда Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығыс аумағындағы зәру жандарға жалпы құны 380 мың доллар (69 727 875 теңге) шамасында гуманитарлық көмек жіберген болатын. Атап айтар болсақ, жүктің құрамында 127875 ет қалбыры, 40 тонна қант,  150 тонна қарақұмық және  36 мың литр өсімдік майы бар.  

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?