388

Шоқыну мерекесі күндері қар жауып, бұрқасын болады

Шоқыну мерекесі күндері Қазақстанның басым аумағында күн райы құбылмалы болады: қар жауып, бұрқасындатады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Фотография - Шоқыну мерекесі күндері қар жауып, бұрқасын болады

Шоқыну мерекесі күндері Қазақстанның басым аумағында күн райы құбылмалы болады: қар жауып, бұрқасындатады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17 қаңтардан бастап еліміздің басым аумағында күн райы құбылмалы болады деп күтілуде: қар жауып, бұрқасын болады, 15-20 м/с жел соғады, оның екпіні кей жерлерде 25 м/с-ке жетуі мүмкін.

Республиканың оңтүстігінде негізінен қар жауып, көктайғақ болады, 18-19 қаңтарда ауа температурасы төмендейді, ал еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында 15-20, кей жерлерде 25 градус суық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 5-13, кей жерлерде 18 градус аяз болады деп болжануда.

 

 

 BNews.kz сайтынан

Загрузка...