Республиканың үш өңірінде боран салдарынан жол жабылды

Фотография - Республиканың үш өңірінде боран салдарынан жол жабылды

Қазақстанның үш облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтен жағдайлар комитетінен.

631 0

Қазақстанның үш облысында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтен жағдайлар комитетінен.

Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар жауып, арты боранға ұласып, жол көрінбей қалуына байланысты «Мамлютка-Қостанай» (0-180 шақырым); «Челәбі-Новосібір» (465-655  шақырым); «Петропавл-Соколовка-Есіл» (11-73 шақырым); «Жезқазған-Петропавл» (719-954 шақырым); «Астана-Петропавл» (341-473 шақырым) автожолының учаскелерінде көліктің барлық түріне жол қозғалысы тоқтатылды.

Қостанай облысында боран салдарынан «Қарабұтақ-Қостанай» (231-563 шақырым); «Денисовка-РФ шекарасы» (0-174 шақырым) автожолдары учаскелерінде көліктің барлық түріне жол қозғалысы шектелді.

Ақтөбе облысында толассыз қар жауып, бұрқасындатуына байланысты «Қарабұтақ-Комсомол» (89-231 шақырым) а/ж учаскесінде автокөліктердің барлық түрлеріне жол қозғалысы жабылды.

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

жолдар жабық

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?