ҚР Премьер-Министрi ҰКП кезектен тыс құрылтайына қатысады

Фотография - ҚР Премьер-Министрi ҰКП кезектен тыс құрылтайына қатысады

ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов 27 қаңтарда Ұлттық кәсiпкерлер палатасының кезектен тыс құрылтайына қатысады. Бұл туралы бүгiн брифингте палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлiм еттi.

346 0

ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов 27 қаңтарда Ұлттық кәсiпкерлер палатасының кезектен тыс құрылтайына қатысады. Бұл туралы бүгiн брифингте палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлiм еттi. 

"Онда бiз сұрақтардың екi бағытын қарастыратын боламыз. Қазiр елдiң ең негiзгi экспорттық позицияларымыз, оның iшiнде мұнай бағасының екi есеге дейiн төмендеуiнен мемлекет алдында, экономика мен бизнес алдында үлкен мiндеттер тұр. Мұнай бағасы құлдырауын тоқтатар емес. Ешкiм оның қашан аяқталатынын да бiлмейдi", - дейдi ол. 

Осы мәселенiң iшiнде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерiнiң сауда қатынастарына әсер ететiн Ресей Федерациясының экономикалық ахуалы да талқыланбақ. 

"Бұл шақырулардың барлығын бiздiң облыстағы делегаттармен және бизнес қауымдастықтармен бiрге ортаға салғымыз келедi", - дедi ол. 

А.Мырзахметовт3ң хабарлауынша, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы ҚР Үкiметiне бiрқатар ұсыныстар жолдамақ. 

"Бiз ҚР Премьер-Министрiн және бiрқатар министрлердi шақырдық. Олар бiрiншi күнi болатын секциялық талқылауларға қатысады. Пленарлық отырыста бiз Үкiметке өз пiкiрлерiмiздi жеткiзiп, ұсыныстарымызды айтамыз", - деп атап өттi төраға. 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?