2014 жылы Қазақстанда ЖІӨ 4,3 пайызға өсті

Фотография - 2014 жылы Қазақстанда ЖІӨ 4,3 пайызға өсті

2014 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,3 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

349 0

«Болжамды бағалау бойынша өткен жылда жалпы ішкі өнім 4,3 пайызға өсті», - деп тоқталды комитет басшысы.

Сонымен қатар ол негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 6 трлн. 574 млрд. теңгені құрап, 3,9 пайызға (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда)  артқандығын жеткізді.

Үкімет пен ҚР Ұлттық банкі 2015 жылдағы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемеде Қазақстан ағымдағы жылы Жалпы ішкі өнімнің өсімін 4-5 пайыз деңгейіне жеткізуге ниетті екенін хабарлады. 

ҚазАқпарат

Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?