380

Алматыға Ұлыбритания Премьер-Министрінің арнайы елшісі келеді

Ұлыбритания Премьер-Министрінің Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанмен сауда қатынастарын дамыту бойынша арнайы елшісі профессор Чарльз Хендри 16-20 қаңтарда Алматы қаласына келеді.
Фотография - Алматыға Ұлыбритания Премьер-Министрінің арнайы елшісі келеді

Ұлыбритания Премьер-Министрінің Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанмен сауда қатынастарын дамыту бойынша арнайы елшісі профессор Чарльз Хендри 16-20 қаңтарда Алматы қаласына келеді.

«Профессор Чарльз Хендри Үкіметтің көптеген негізгі өкілдерімен, Алматы қаласының әкімімен, Қазақстан Ұлттық банкінің басшысымен және Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасымен кездеседі. Сондай-ақ ол Ұлыбритания-Қазақстан іскерлік қатынастарын талқылау үшін британдық және халықаралық іскерлер қауымдастығы өкілдерімен жүздеседі», - деп хабарлады Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Ресми кездесулермен бірге профессор Хендри Қазақстан-Британ техникалық университетіне барып, студенттермен әңгімелесуді көздеп отыр. 

Бұл сапар Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы бизнес саласындағы ынтымақтастық деңгейінің артқанын көрсетеді, делінген хабарламада.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...