Елбасы Ө.Шөкеевке дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды

Фотография - Елбасы Ө.Шөкеевке дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды

Ө.Шөкеев Қордың қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

407 0

Ө.Шөкеев Қордың қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайда Қордың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуі маңызды екенін айтты.

– Еліміздің экспорттық тауарларына баға төмендеген кезеңде жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Осы орайда жоспарланған жекешелендіру, активтерді қайта құрылымдау бағдарламаларын, шығыстарды қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды жалғастыру маңызды болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Қордың 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, сондай-ақ дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

Ө.Шөкеев шығыстарды қысқартуға бағытталған, стратегиялық маңызы төмен бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты.

– Биыл біз өнімдеріміздің өзіндік құнын 7,8 пайызға, барлық ағымдағы және әкімшілік шығындарды 20 пайызға, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды 18 пайызға төмендетуді жоспарладық, – деді басқарма төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?