Солтүстікқазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге әзірленуде

Фотография - Солтүстікқазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге әзірленуде

2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Петропавлдағы «Абылай ханның ордасы» мұражай кешенінде қазақтардың кешегісі мен бүгіні толық қамтылған

555 0

2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Петропавлдағы «Абылай ханның ордасы» мұражай кешенінде қазақтардың кешегісі мен бүгіні толық қамтылған, деп хабарлады СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы Кристина Горбаченко.

«Музей стенділерінде Қазақ хандығы билеушілерінің бүкіл шежіресі қойылған. Мысалға, Қасым хан хандықтың шекарасын кеңейтіп, Ресей империясымен сыртқы экономикалық байланыстарды жолға қойды. 18 ғасырдағы беделді хандардың бірі Абылай болды. Ол әртүрлі бағыттарда табыстарға жетті. Өз дәуірінің ұлы қолбасшысы атанды. Ол қазақтың Үш Жүзінің басын қосты», деп атап өтті К. Горбаченко.

Биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің негізгі шаралары Жамбыл облысында өтеді. Тарихымыздың осынау үлкен мерейтойын халқымыз жыл бойы Қазақстан тәуелсіздігімен байланыстыра отырып, атап өтеді. Солтүстікқазақстандықтар да осы атаулы күнге арналған мерекелік шараларға қызу әзірленуде. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?