391

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметiмен танысты

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушiсi Ералы Тоғжанов бұл күнi iс-сапармен Қазақстанда жүрген БҰҰ-ның Бейбiт жиналыстар және бiрлесу құқығы мәселелерi жөнiндегi арнайы баяндамашысы Майна Киаимен кездестi.
Фотография - БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметiмен танысты

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушiсi Ералы Тоғжанов бұл күнi iс-сапармен Қазақстанда жүрген БҰҰ-ның Бейбiт жиналыстар және бiрлесу құқығы мәселелерi жөнiндегi арнайы баяндамашысы Майна Киаимен кездестi.

Кездесу барысында БҰҰ-ның арнайы баяндамашысына этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмнiң қазақстандық моделi таныстырылды. Е. Тоғжанов Майна Киаиге ҚХА-ның құрылу тарихы, конституциялық мәртебесi, оның мiндеттерi мен этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмдi нығайту бойынша атқарылып отырған жұмыс, ҚХА атынан сайланған депутаттардың қызметi, оның халықаралық ынтымақтастығы туралы айтып бердi.

"Биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Яғни бұл жыл - бейбiтшiлiк жылы, келiсiм мен бiрлiк жылы. Бiз сiздi өз елордамызда қабыл алғанымызға қуаныштымыз және бiздiң елге қош келдiңiз демекпiз. Болашақта сiздермен ықпалдастықты арттыруға мүдделiмiз", - дедi Е. Тоғжанов.

ҚХА Төрағасының орынбасарының айтуынша, "бұның алдында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанда ҚХА қызметiмен жiтi танысқан және оның негiзгi принциптерi БҰҰ қағидаттарымен сәйкес екендiгiн атап өткен".

Өз кезегiнде Майна Киаи бiздiң елге Қазақстанның бейбiтшiлiк және этносаралық тәжiрибесiмен танысуға келгендiгiн айтты.

Айта кетейiк, бүгiнгi таңда Қазақстанда 800-ден астам этномәдени бiрлестiктер жұмыс iстейдi. Олар 2014 жылы 11 мыңнан астам iс шара өткiздi.

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...