«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Фотография - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысы барысында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Саймон Хопкинсон ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің және ҚМГ директорлар кеңесінің тағайындау комитетінің төрағасы болып сайланды.

525 0

 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысы барысында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Саймон Хопкинсон ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің және ҚМГ директорлар кеңесінің тағайындау комитетінің төрағасы болып сайланды.

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2015 жылғы 13 сәуірде аяқталады.

2015 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің құрамы:

Кристофер Хопкинсон - ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы және ҚМГ Ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары;

Абат Нұрсейітов  - бас директор, ҚМГ БӨ басқармасының төрағасы;

Тимур Бимағамбетов - ҚМГ ҰК теңіз және жекелеген мұнай сервистері жобалары бойынша басқарма төрағасының орынбасары;

Әсия Сырғабекова  - ҚМГ ҰК инвестициялар мен тәуекелдерді басқару жөніндгі басқарушы директор;

Ержан Жанғауылов - ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор;

Филипп Дэйер - тәуелсіз директор;

Эдвард Уолш - тәуелсіз директор;

Аластэр Фергюсон  - тәуелсіз директор.

2015 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің тағайындау комитетінің құрамы:

Кристофер Хопкинсон - тағайындау комитетінің төрағасы; 

Эдвард Уолш - тағайындау комитетінің мүшесі;

Филипп Дэйер - тағайындау комитетінің мүшесі.

К. Хопкинсон   мұнай-газ саласында 1980 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. ҚМГ ҰК-да жұмыс істегенге дейін ол International Petroleum компаниясының бас директоры, Imperial Energy компаниясының бас директоры және BG тобының солтүстік-африкалық активтері бойынша бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарған. Бұдан бұрын  өз мансабы жолында ол Shell және TNK-BP компанияларында түрлі салада жұмыс істеген. Хопкинсон   Сент-Эндрюсск  университетінде (физика) білім алған.

 


Тегтер:

Қазмұнайгаз

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?