Биыл жазда 400-ге жуық адам «А» корпусы резервінен шығарылады

Фотография - Биыл жазда 400-ге жуық адам «А» корпусы резервінен шығарылады

2015 жылдың маусымында 395 мемлекеттік қызметкер «А» басқарушылық корпусы резервінен шығарылады.

334 0

 2015 жылдың маусымында 395 мемлекеттік қызметкер «А» басқарушылық корпусы резервінен шығарылады.  Бұл туралы бүгін Астанада мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстелде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлім етті.

«Бастапқыда «А» корпусы басқарушылық элитасын қалыптастыруды екі жылда бір рет жүргізу жоспарланған еді. Шын мәнінде өткен екі жылда іріктеу екі мәрте жүргізілді. Резервке мыңнан астам адам іріктелініп, оның 568-і қызметке орналасты. Атап айтқанда, бұл қызметкерлер лауазым иелерін бірден ауыстыру қажеттілігіне байланысты тағайындалды»,-деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ол  521 адам сұранысқа ие болмай қалғанын жеткізді. Олардың арасында 395-і биылғы маусымда болу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты резервтен шығарылмақ.

 ҚазАқпарат

 


Тегтер:

«А» корпусы

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?