Қазақстан парламенті республиканың Еңбек кодексіне түзетулер енгізді

Фотография - Қазақстан парламенті республиканың Еңбек кодексіне түзетулер енгізді

Қазақстан парламенті сенатының (жоғарғы палата) депутаттары жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

567 0

Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің тұжырымына сәйкес, заң «ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңды іске асыру мақсатында әзірленіп, жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жөніндегі әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған.

"Заң жобасы аясында ҚР Еңбек кодексіне жұмысқа алғаш рет кірген жас маманмен еңбек шартын жасаудың екі жылдан кем емес мерзімін айқындайтын өзгеріс пен толықтыру енгізу ұсынылды", - делінген мамандандырылған комитеттің тұжырымында. 

Бұдан бөлек, 18 жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ, білім беру ұйымдарында оқу бағдарламаларын меңгерген және оларды бітірген күннен бастап, бір жылдан кешіктірмей мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға сынақ мерзімін алып тастау қарастырылып отыр.

newskaz.kz

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?