418

Маңғыстау облысында индустриялды аймақ бой көтереді

Маңғыстау өңірінде шағын және орта кәсіпкерлер үшін индустриялды аймақ салынады.
Фотография - Маңғыстау облысында индустриялды аймақ бой көтереді

Маңғыстау өңірінде шағын және орта кәсіпкерлер үшін индустриялды аймақ салынады. 

Жергілікті жобалау фирмасының бірі аталған аймақтың жобасымен таныстырды. Оның құрылысына қала шетіндегі жолдың бойынан 116 гектар жер телімі бөлінген.

Ауқымды аумақта шағын және орта кәсіпкерлер үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар тартылып, жолдар салынады. Мұнда тігін, жиһаз цехтары, шағын зауыттар мен көрме орталықтары сияқты кәсіпорындар орналасады деп жоспарланып отыр. Индустриялды аймақтың жобасын қаржыландыруға отандық инвесторларды тарту көзделген.

«Ауыл шаруашылығы тауарлары үшін арнайы павильондар орналасатын болады. Көршілес өңірлердің кәсіпкерлері мен фермерлері өз өнімдерін осында әкеліп, көтерме бағамен өткізе алады. Маңғыстаудағы азық-түлік тауарларына сұранысты осылайша қамту жоспарда бар», - дейді жобалау фирмасының бас инженері Елена Болховитина.

«Елбасы «Нұрлы жол» Жолдауында индустриялды инфрақұрылымдарды дамыту туралы тапсырма берген болатын. Қазақстанда ірі кәсіпорындарға арналған арнайы экономикалық аймақтар бар. Шағын және орта бизнеске де кіші кәсіпорындар салатын жер қажет. Бүгін кәсіпкерлердің пікірін тыңдадық. Олар индустриялды аймақтың жобасын бірауыздан қолдап отыр», - деп атап өтті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы директорының орынбасары Әсет Манов.

 

 

 kazakh-tv.kz.

Загрузка...