Бүгін Орта Азия елдеріндегі ЮНЕСКО Клубтық қозғалысы өкілдерінің Бірінші Аймақтық кеңесі басталды (фото)

Фотография - Бүгін Орта Азия елдеріндегі ЮНЕСКО Клубтық қозғалысы өкілдерінің Бірінші Аймақтық кеңесі басталды (фото)

Бүгін, Алматыда ЮНЕСКО-ның 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Болашақ бүгіннен басталады» атты Орта Азия елдеріндегі ЮНЕСКО Клубтық қозғалысы өкілдерінің Бірінші Аймақтық кеңесі өз жұмысын бастады.

733 0

Бүгін, Алматыда ЮНЕСКО-ның 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Болашақ бүгіннен басталады» атты Орта Азия елдеріндегі ЮНЕСКО Клубтық қозғалысы өкілдерінің Бірінші Аймақтық кеңесі өз жұмысын бастады. Шараны ұйымдастырушы ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры – Ұлт Көшбасының, Алматы қ. Әкімдігінің, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясының, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан бойынша Алматыда ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы болды.

Шараға 60-тан астам қатысушы жиналды - ЮНЕСКО өкілдері, ҚР ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық Комиссиясы, Орта Азия елдерінің ЮНЕСКО клубтарының, мемлекеттік өкімет органдарының, халықаралық ұйымдардың, дипломаттық және іскер топтарының өкілдері, философтар, ғалымдар, шығармашылық қайраткерлер, жастар білімі мен мәдени мұра, этика мен мәдениетаралық коммуникация бойынша ЮНЕСКО мамандары мен сарапшылары.

Кеңесті Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының президенті Болат Ақшолақов ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол қатысушыларға қызығушылық, қолдау танытқандары және шара жұмысына қатысқандары үшін алғыс білдірді. Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Сергей Лазарев барлығын ЮНЕСКО-ның 70 жылдығымен құттықтады және кеңес жұмысының жемісті өтуіне үміт ететінін айтып кетті. Алматы қ. ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаев өзінің құттықтау сөзінде, жобалар қатары шеңберінде ЮНЕСКО клубтарының федерациясымен белсенді ынтымақтастығын атап өтті.

Кеңестің басты мәселесі ЮНЕСКО қызметінің негізгі бағыттары, атап айтсақ сапалы білім, мәдени мұра, қолжетімді коммуникация мен ғылыми зерттеулер бойынша өсіп келе жатқан ұрпақты қолдау болды.

Аталған кездесу шеңберінде ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Басқармасының кеңейтілген отырысы болып өтті, мұнда федерация құрамына тағы 2 клуб және 3 ЮНЕСКО кандидат-клубы қабылданды; «Балалар Әлемді салады. Орталық Азия» ЮНЕСКО фестивалі шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоғарыда айтылғандай, кеңес кезінде баршаға әйгілі «Балалар Әлемді салады. Орталық Азия» ЮНЕСКО Халықаралық Фестивалі шеңберінде Қазақстанда жобаны ұйымдастырушылары және Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан өкілдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Федерация Басқармасының кеңейтілген отырысында 2014 жылдың қорытындысы шығарылды және 2015 жылға іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы және әрбір жас, талантты қазақстандық үшін осы жылдың басты оқиғасы «Балалар әлем ырғағында» ЮНЕСКО шығармашылық фестивалінің тұсаукесері болып табылады. Бұған кез-келген адам қатыса алады, комиссия мүшелері еліміздің әрбір қаласында болады және үздіктің үздігін таңдап алады, - делінген Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы (KAZFUCA) таратқан хабарламада.

 

 

 


Тегтер:

ЮНЕСКО

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?