576

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова Дүниежүзілік Банктің Тұрақты өкілі Л.Бутенкомен кездесті

Мемлекеттік хатшы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру экономика мен әлеуметтік саланы инфрақұрылымдық жаңғыртуға бағытталуы тиіс екенін айтты.
Фотография - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова Дүниежүзілік Банктің Тұрақты өкілі Л.Бутенкомен кездесті

Кездесуге Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов пен Ұлттық экономика вице-министрі М.Әбілқасымова қатысты.

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген жаңа экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерімен сәйкестендірілуі тиіс бірлескен инвестициялық жобаларды ойдағыдай іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру экономика мен әлеуметтік саланы инфрақұрылымдық жаңғыртуға бағытталуы тиіс екенін айтты. Қазақстанда экономикалық білімді қалыптастыру үшін ғылыми әлеуетті күшейту, инновациялық жобалар шеңберінде білім мен технология трансфертін жеделдету, ұлттық инновациялық жүйенің және оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру қажет.

Кездесу барысында тараптар Дүниежүзілік Банк мен Қазақстан арасындағы әріптестік туралы 2014 жылғы мамыр айында қол жеткізілген Деңгейлік келісімге сәйкес, сол жылы қыркүйек айында қабылданған Ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысында адам капиталын дамыту, ғылым мен инновацияны ынталандыру, еңбек нарығының талаптарына сай келетін еңбек дағдыларын дамыту жөніндегі бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты тереңдету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама: 2014 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің тобы арасында әріптестік туралы деңгейлік келісімге қол қойылды. Қол жеткізілген келісімді жүзеге асыру және әлеуетті құрылымдық реформа жасау мақсатында Үкімет ынтымақтастықтың сегіз бағытын айқындап берді:

-қаржы секторын дамыту;

-экономикадағы жеке сектордың рөлін күшейту, шағын және орта бизнесті дамыту және іскерлік ахуалды жетілдіру;

-адам капиталын дамыту, ғылым мен инновацияны ынталандыру;

-еңбек нарығының талаптарына сай келетін еңбек дағдыларын дамыту;

-экономикаға инвестициялар тарту және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

-энерготиімділікті арттыру және жасыл экономиканы, инфрақұрылымды, көлікті қоса алғанда, дамыту, энергетика мен қалаларды өркендету;

- диалогты қолдау және институттық реформаларды жүргізуде қолдау көрсету;

-өңірлік әріптестік және интеграция.

 

Загрузка...