531

Ақпанда бензин тағы арзандауы мүмкін

Энергетика министрі Владимир Школьник ақпан айында еліміздегі бензин бағасы ның тағы да арзандауын жоққа шығармайды. Бұндай пікірін ведомство басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
Фотография - Ақпанда бензин тағы арзандауы мүмкін

Энергетика министрі Владимир Школьник ақпан айында еліміздегі бензин бағасы ның тағы да арзандауын жоққа шығармайды. Бұндай пікірін ведомство басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. 

Тоқтала кететін жайт, баға шегін белгілейтін министрлік былтырғы жылдың желтоқсан айында АИ-92 маркалы бензинге бағаны төмендеткен. «Осыған орай, қазір ең көп сұранысқа ие бензиннің бағасы 109 теңгеден сатылып жатыр, бірқатар облыстарда бұдан да төмен. Жалпы, біз баға белгілегенде одан асыруға болмайтын шекті белгілейміз, ал төмендетуге бола береді, мемлекет әрбір жанармай бекеттеріне баға белгілеп бере алмайды ғой. Тек бағаның жоғарылап кетпейтін шегін белгілейді. Ақпан айында бензин бағасы арзандайды деп үміттенемін. Қазірше 4 облыста бағаның төмендеуі байқалады. Яғни, бензинге шекті бағаны төмендету қарастырылып жатыр», - деді Энергетика министрі.

Сонымен қоса, ведомство басшысы арзан ресейлік бензиннің нарықты жаулап алу ықтималдығынан қауіптенетінін де алға тартты. «Бұл мәселенің жол беруге болмайтын тұстары да бар. Екінші жағынан нарыққа басқа жеткізушілерді кіргізбейтін болсақ, онда жанармай тапшылығы да болуы мүмкін. Біз 30 пайыз бензинді Ресейден тасимыз. Ресейде бағаны «қолмен басқару» жүріп жатыр. Біз осыны қадағалап, бірыңғай квота белгілеу, бірыңғай энергетикалық теңгерімділік бойынша келісімге келіп отыруға тиіспіз», - деді В. Школьник.

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...