Семейде «МАЗ» құрастырылатын болды

Фотография - Семейде «МАЗ» құрастырылатын болды

Семейде әлемге әйгілі «МАЗ» жүк көліктері шығарылады. Бұл туралы Минск автомобиль зауыты мен Семей машина жасау зауыты арасында келісім жасалды.

816 0

Семейде әлемге әйгілі «МАЗ» жүк көліктері шығарылады. Бұл туралы Минск автомобиль зауыты мен Семей машина жасау зауыты арасында келісім жасалды.

Жоба құны – 1,5 миллиард теңге. Қаражаттың бір бөлігі зауыт ғимаратын қайта жарақтандыруға жұмсалса, қалғанына заманауи қондырғылар сатып алынады. Алғашқы көлікті шілде айының басында құрастыру жоспарланып отыр. Біріккен жоба ЕурАзиялық Экономикалық Одақтың басымдықтарын пайдалана отырып жүзеге асырылмақшы.

Жергілікті тұрғындар Минск қаласында арнайы оқытылып, шеберліктерін шыңдайды. Құрамында Беларусь елінің өнеркәсіп министрлігі, елшілік және іскер топ өкілдері бар делегация жобаны жан-жақты талқылап, Семейдегі кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.

Нұрлан Омаров, Семей машина жасау зауытының бас директоры - Біз әлемдегі ең озық станоктарды сатып алғалы отырмыз. Осы 5-6 айдан кейін жаңа машиналар шығарғалы отырмыз. 100 адамға жаңа орындар ашылады. Алдағы 3-5 жылдың ішінде 1 мың машина, 1 мың тіркемені Минск авто зауытымен бірігіп шығармақшымыз.

 

 

khabar.k сайтынан

Семейде әлемге әйгілі «МАЗ» жүк көліктері шығарылады. Бұл туралы Минск автомобиль зауыты мен Семей машина жасау зауыты арасында келісім жасалды. Жоба құны – 1,5 миллиард теңге. Қаражаттың бір бөлігі зауыт ғимаратын қайта жарақтандыруға жұмсалса, қалғанына заманауи қондырғылар сатып алынады. Алғашқы көлікті шілде айының басында құрастыру жоспарланып отыр. Біріккен жоба ЕурАзиялық Экономикалық Одақтың басымдықтарын пайдалана отырып жүзеге асырылмақшы. Жергілікті тұрғындар Минск қаласында арнайы оқытылып, шеберліктерін шыңдайды. Құрамында Беларусь елінің өнеркәсіп министрлігі, елшілік және іскер топ өкілдері бар делегация жобаны жан-жақты талқылап, Семейдегі кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Нұрлан Омаров, Семей машина жасау зауытының бас директоры - Біз әлемдегі ең озық станоктарды сатып алғалы отырмыз. Осы 5-6 айдан кейін жаңа машиналар шығарғалы отырмыз. 100 адамға жаңа орындар ашылады. Алдағы 3-5 жылдың ішінде 1 мың машина, 1 мың тіркемені Минск авто зауытымен бірігіп шығармақшымыз

Источник: http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/o-am/item/11968-maz-zh-k-k-ligi-bizde-de-rastyrylady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?