422

Жыл соңына дейін Қазақстаннан қымбат металдар мен бағалы тастарды әкетуге тыйым салынады

2015 жылдың соңына дейін Қазақстаннан өңделмеген қымбат металдар мен бағалы тастарды, олардың сынықтарын, құрамында сондай тастар бар шикізаттарды әкетуге тыйым салынады.
Фотография - Жыл соңына дейін Қазақстаннан қымбат металдар мен бағалы тастарды әкетуге тыйым салынады

2015 жылдың соңына дейін Қазақстаннан өңделмеген қымбат металдар мен бағалы тастарды, олардың сынықтарын, құрамында сондай тастар бар шикізаттарды  әкетуге тыйым салынады.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қымбат металдар және қымбат тастар туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.

Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың айтуынша, бүгінгі күні Үкімет алтын мен құрамында алтыны бар шикізатты елден әкетуге уақытша тыйым салған. «Бұл былтырғы жылы қабылданған тыйым болатын, 2015 жылдың ортасына таман мерзімі аяқталады. Бірақ, біз бұл тыйымды жыл соңына дейін ұзартуға ниеттіміз. Дегенмен, бұл жерде тыйымға жатпайтын бір ғана мәселе -  алтыны бар шикізаттарды Ресейге тасымалдау. Өйткені, біздің металдарды өңдейтін жекелеген компаниялар Ресейде орналасқан әрі олардың саны да көп емес», - дейді А. Рау.

Өз кезегінде Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіп комитетінің төрағасы Қанат Байытовтың айтуынша, тыйым негізінен Астанадағы аффинажды зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

 

ҚазАқпарат

 

Загрузка...