Сәрсенбіде Қазақстанда жел күшейіп, төменгі боран соғады деп күтілуде

Фотография - Сәрсенбіде Қазақстанда жел күшейіп, төменгі боран соғады деп күтілуде

Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жер-жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады

1470 0

Қазақстан аумағының басым бөлігі  бұрынғыша антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жер-жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

 

Қазгидрометтің болжауынша, оңтүстік пен оңтүстік шығыстың кей жерлерінде тұман тұрады.

 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарының кей жерлерінде тұман түсіп, төменгі боран соғып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысында төменгі боран соғып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

 

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

 

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

 

newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?