489

Қазақстан мен Македония арасында салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мақұлданды - Мәжіліс

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады
Фотография - Қазақстан мен Македония арасында салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мақұлданды - Мәжіліс

 Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. 

Келісімнің мақсаты екі ел арасында инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау, осы арқылы Қазақстан мен Македония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

«Келісім уағдаласушы мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының табыстарына қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді. Сондай-ақ, келісім екі мемлекеттің жергілікті органдары арасындағы салық мәселелері бойынша ақпарат алмасуды қарастырады. Салықтан жалтарудың алдын алу мәселелерін шешеді. Құжаттың жекелеген баптары өзара келісу рәсімі секілді бірқатар ортақ шараларды реттейді», - дейді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. 

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Македония арасындағы тауар айналымы импорт есебінен 2013 жылы 1 млн. 744 мың долларды құраған. Импорттың негізгі бағыттары темекі, полиграфия өнеркәсібі өнімдері мен киім-кешек заттарын құраған. 
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...