565

Алматы маңында апатқа ұшыраған CRJ-200 ұшағы бойынша есеп жақын арада жарияланады

CRJ-200 әуе кемесінің Алматы қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырау себептерi ақпан айында белгiлi болады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Серiк Мұхтыбаев мәлiм еттi.
Фотография - Алматы маңында апатқа ұшыраған CRJ-200 ұшағы бойынша есеп жақын арада жарияланады

CRJ-200 әуе кемесінің Алматы қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырау себептерi ақпан айында белгiлi болады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Серiк Мұхтыбаев мәлiм еттi. 

Ұшақтың апатқа ұшырау себептерiн анықтау үшiн зерттеу материалдары Канада мен АҚШ мамандарына жіберілген болатын. 

"CRJ бойынша, қазiргi уақытта халықаралық сарапшылардың берген нәтижелері келiп түстi. Менiңше, осы апатты зерттеген комиссия жуық арада апат себептерiн жариялайды. Жеке комиссия бар, мүмкiн ақпанда дайын болады. Ағылшын тiлiнде болғандықтан, олардың барлығы аударылуда", - дедi ол. 

Естеріңізге сала кетейік, CRJ-200 ұшағы  2013 жылдың 29 қаңтарында Алматы әуежайына қонуға бағыт алғанда апатқа ұшыраған. Оның салдарынан 21 адам, яғни 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі қаза тапты.

 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...