Қазақстан мен Қытай 20 инвест жобаны қолға алуды жоспарлауда

Фотография - Қазақстан мен Қытай 20 инвест жобаны қолға алуды жоспарлауда

Астанада инвестициялар және даму бойынша Қазақстан-Қытай отырысы және ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi мен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттiгi өткiзген инвестициялық форум өтіп жатыр.

446 0

Астанада инвестициялар және даму бойынша Қазақстан-Қытай отырысы және ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi мен  «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттiгi өткiзген инвестициялық форум өтіп жатыр.

Бұл - мемлекетаралық инвестициялық-өнеркәсiптiк әрiптестiк туралы бағдарламаны талқылауға арналған екiншi отырыс. Оған iскерлiк топтардың 300-ге жуық өкiлi қатысуда. Сонымен қатар Қытай және Қазақстан мемлекеттiк органдары мен ұлттық компаниялары келiп отыр. Қазақстандық тарапты ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев ұсынды. Қытай делегациясын ҚХР-дың Даму және реформалар комитетi төрағасының орынбасары Baн Сяотао бастап келдi. 

Тараптар Қазақстанда өндiрушi салада жаңа жобаларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн талқылауда. 

Секциялар барысында 100-ден астам бастамаларды iске асырудың негiзгi жолдары қаралмақ. 

Ә. Исекешевтiң айтуынша, өндiру саласында дайын тауар шығаратын және қосымша құны жоғары 20 жоба iске асырылмақ. 

"Осы отырыстың қорытындысында бiз бiрқатар жобалардың тiзiмiн жасаймыз және наурызда бiрнеше келiсiмдерге қол қоямыз. Олардың басым бөлiгi биыл қолға алынады деп жоспарлануда. Бiз қолдауға дайынбыз. Екi ел басшылары келiсiмдерiнiң негiзiнде өтiп жатқан бұл келiссөздер бiздiң мемлекеттердiң экономикалық игiлiгiне жұмыс жасайды деп сенемiн", - дедi министр. 

 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?