533

Даниал Ахметов Германиядан сиырларды сатып аларда мұқият болуды тапсырды

Жұмыс сапарымен жергілікті шаруа қожалықтардың тыныс-тіршілігімен танысқан ШҚО облысы әкімі Даниал Ахметов жауапты өкілдерге Германиядан сиырларды мұқият сатып алуды ескертті. Әрі өндірілетін сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін жолға қоюды тапсырды.
Фотография - Даниал Ахметов Германиядан сиырларды сатып аларда мұқият болуды тапсырды

Жұмыс сапарымен жергілікті шаруа қожалықтардың тыныс-тіршілігімен танысқан ШҚО облысы әкімі Даниал Ахметов жауапты өкілдерге Германиядан сиырларды мұқият сатып алуды ескертті. Әрі өндірілетін сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін жолға қоюды тапсырды.

  «Германияға сиырларды алуға барғанда міндетті түрде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан немесе жауапты орындардан кәсібін жетік білетін сала мамандары бірге барғаны дұрыс. Бізге қажетті ірі-қараларды іріктеліп таңдалмаса, ол жақтағылар басқасын тиеп жіберуі мүмкін», – деп ескертті Д. Ахметов.
Аймақ басшысы облыс бойынша бүгінгі күні әлеуетті саналатын «Новая заря», «Лазарев және К», «Е. Зәйтенов» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. «Новая заря» шаруа қожалығының иесі Ахмет Матаев кездесу барысында Семей қаласында қуаттылығы тәулігіне 50 тоннаға жететін сүт өнімдерін қайтара өңдеу комбинатын тұрғызу жоспарымен бөлісті. Сүтті бағыттағы симменталь сиырлары Германиядан әкелінбек. Осы орайда, аймақ басшысы асыл тұқымды сиырларды Еуропадан әкелуде жітілікті назарға алуды айтып өтті. Облыс әкімі сонымен қатар, шетелдік азық-түліктердің орнына отандық өнімдерінің таралуының маңыздылығын атап өтті.
«Біздің облыста қазіргі уақытта білім және денсаулық сақтау салалары жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге сапасы белгісіз сүт сатып алып отыр. Бұдан былай ондайға жол берілмейді. Ендігі кезекте әлеуметтік мекемелер сүт пен сүт өнімдерін өңіріміздегі арнайы сүт зауыттырынан сатып алатын болады. Бұл екі жаққа да тиімді», – деді Д. Ахметов.

 

 

Baq.kz  сайтынан

Загрузка...